БҚО-да бір ай бұрын жоғалған балықшы әлі табылған жоқ

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен балықшы бір айдан астам уақыт бойы табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз хатшысы Нұргүл Мұқанованың айтуынша, 64 жастағы ер адам 14 сәуір күні Теректі ауданы Шаған ауылдық округіне қарасты Сатым елді мекенінен бес шақырым жерде Жайық өзеніне балық аулауға кеткеннен оралмаған болатын.

Іздестіру жұмыстары 16-21 мамыр аралығында да, алты күн бойы жүргізілгенмен, нәтиже болмай тұр.

Осы ауданда 1978 жылғы тұрғын 26 сәуір күні Покатилов ауылы маңында балық аулау кезінде Барбастау өзеніне батып кеткен болатын. Оның денесін Оралдағы жедел құтқару жасағының төрт қызметкері бір техника, бір жүзу құралының көмегімен 12 мамыр күні сағат 14.05-те тауып, судан шығарды. Осыған байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Н.Мұқанованың сөзіне қарағанда, марқұмның қандай жағдайда қайтқаны сараптама негізінде анықталады. Криминалдық сипаты болса, ішкі істер органдары тергеу амалдарын жүргізеді. Өзі суға кетсе, батып кеткен болып есептеледі.

Еске сала кетейік, БҚО-да жоғалып кеткен балықшының іздестіру жұмыстары жалғасып жатқанын, екіншісінің денесі таптырмай отырғанын бұдан бұрын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар