+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

БҚО-да бір аптада жол апатынан үш адам қаза тапты

2019 жылғы 14 қазан 22:05
Бөлісіңіз:
БҚО-да бір аптада жол апатынан үш адам қаза тапты

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында бір аптада жол апаттынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда мас келіншек көлікпен жаяу жүргіншіні қағып кетті БҚО-да автокөлік аударылып, екі адам ауруханаға жеткізілді Аршалыда жол апатынан екі автокөлік аударылды

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, өткен дүйсенбіден бүгінге дейін 8 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 3 адам мерт болып, 8-і түрлі жарақат алды.

Жол апаттары Орал қаласында да жиілеп отыр. 13 қазан күні кешкісін Н.Назарбаев даңғылы мен А.Карев көшесі қиылысында «ВАЗ-21070» автокөлігі жаяу жүргінші өткелінде екі ер адамды қағып кетті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдем сағат 21.29-да шақырылып, бригада бес минуттан кейін жетті.

Алдын ала мәлімет бойынша 1974 жылғы ер адам жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған. 1976 жылғы азаматтың жамбас еті көгерген. Екеуі де облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

14 қазан күні сағат 14.50 шамасында тағы да Н.Назарбаев даңғылы бойында «Баспахана» аялдамасы тұсындағы жаяу жүргінші өткелінде «ВАЗ-2115» автокөлігі 17 жасар қызды қағып кетті.

Құйымшақ сүйегі сынып, жабық бас-ми жарақатын алған 2002 жылғы қыз облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT