БҚО-да белгісіз себептермен қырылып қалған жабайы шошқаның 11 өлексесі табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылдың 30 қарашасында рейдтік іс-шаралар өткізу барысында Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының Есенсай ауылының аумағында орналасқан «Есенсай» аңшылық шаруашылығының қорықшылары жабайы шошқаның 11 өлексесін тапты.

«Осы ретте Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының мамандары ветеринариялық бақылау және қадағалау бөліміне хабарласты. Тексеріс жұмыстарын ұйымдастыру үшін ауданға ветеринар мамандары келді», - делінген ҚР АШМ баспасөз қызметінің мәліметінде. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы ауданның құзырлы органдарымен бірлесе аталмыш факті бойынша комиссия құрды.

Соңғы жаңалықтар