БҚО-да белгісіз біреулер бейіттегі ескерткіш белгілерді қиратып кеткен

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында белгісіз біреулер бейіттегі ескерткіш белгілерді қиратып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 26 мамыр күні Бәйтерек ауданы Трекин ауылында болды.

Сағат 19.00-де православ зиратында 14 ескерткіш белгінің қиратылғаны анықталды.

«Аталған дерек ақпаратты тіркеу кітабында тіркелді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 314-бабына (қайтқан адамдардың мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осы оқиғаға қатысы бар адамдар анықталу үстінде», деп хабарлады ведомстводан.

Ауыл тұрғындары жедел қимылдаған полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда малға қасқырдың шабуы жиілеп кеткенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Оралда қызды зорлаған таксист пен оның танысы 8 жылға сотталды.

Соңғы жаңалықтар