БҚО-да белгісіз біреу «Тойота Камри» автокөлігін жағып жіберген

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында белгісіз біреу «Тойота Камри» автокөлігін жағып жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 31 мамыр күні Жаңақала ауданы орталығы Жаңақала ауылында болды.

«Шамамен сағат 05.00-де Тәуелсіздіктің 20 жылдығы көшесі 14-үй жанында белгісіз біреу 1985 жылғы әйелге тиесілі «Тойота Камри» автокөлігіне қасақана от қойған. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 202-бабы 2-бөлігіне (өрт қою арқылы бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі жалынның өрт сөндірушілер барғанша өшірілгенін жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда көпірден секіріп кеткен 22 жастағы жігіттің көз жұмғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар