БҚО-да «Бекіре-2012» іс-шарасы барысында 5 құқық бұзушылық фактісі тіркелді

None
None
ОРАЛ. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 10 сәуір мен 31 мамыр күндері аралығында өтіп жатқан «Бекіре-2012» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 5 құқық бұзушылық фактісі тіркелді.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, «Атырау-Орал» тас жолынан тоқтатылып, тексерілген қос бірдей автокөліктен тасымалдауға арнайы құжаттары жоқ жалпы салмағы 1130 келі қара балық тәркіленген. Тәркіленген балықтар жағдай анықталғанға дейін уақытша сақтау орнына тапсырылды. Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Балық аулау ережесін бұзғаны (ҚР ӘҚК 298-1-бөлімі, 1-тармағы) үшін үш азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың барлығына айып тағылып, жалпы құны 14 562 теңге айыппұл төледі.

БҚО ішкі істер департаменті табиғатты қорғау және ветеринарлық полиция бөлімінің қызметкерлері 16 сәуір күні «Бекіре-2012» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Жайықтың Шағанға құятын жеріндегі Селекционный ауылынан қалалық мәдениет және демалыс саябағына дейінгі аралықтағы шойын көпірде рейдтік іс-шара жүргізді. Рейдтік шара барысында ұзындығы 50-ден 100 метрге дейінгі ұзындықтағы 30 браконьерлік ау тәркіленді.

Соңғы жаңалықтар