БҚО-да барлық бағытта жолдар жабылды

None
None
АСТАНА. 5 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 08.30 -дан бастап қолайсыз ауа райына (жаңбыр, көктайғақ) байланысты Батыс Қазақстан облысында барлық бағытта автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарланды.

Аталған жолдарда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі) арнайы қар тазалау техникалары кезекшілікке шықты.

«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.

Соңғы жаңалықтар