БҚО-да барлық бағытта көлік қозғалысы жанданды

None
None
АСТАНА. 5 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 10:30-дан бастап Батыс Қазақстан облысы аумағындағы барлық жолдарда көлік қозғалысы жанданды.

Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарланды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін сағат 08:30 -дан бастап қолайсыз ауа райына (жаңбыр, көктайғақ) байланысты Батыс Қазақстан облысында барлық бағытта автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылған болатын.

Аталған жолдарда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі) арнайы қар тазалау техникалары кезекшілікке шықты.

«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.

Соңғы жаңалықтар