БҚО-да балық аулау ережесін бұзған 45 адамға айыппұл салынды

None
БҚО полиция департаменті
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында «Бекіре – 2023» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 45 адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, олар ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексі 383-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылып, 776 250 теңге айыппұл «арқалады».

«Сонымен қатар ҚР ҚК 335-бабы 1-бөлігіне (балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) сәйкес 8 дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Мысалы, Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық округі Бітік су қоймасы жанында «Тойота-РАФ-4» маркалы автокөлігі тексерілді. Орал қаласының 1947 жылғы тұрғыны тиісті құжаттарсыз балық тасымалдаған. Полиция қызметкерлері резеңке қайық пен торлармен араласқан 8 қап балықты тәркіледі. Сол секілді Ақжайық ауданы Шабдаржап ауылы маңында Жайық өзенінен заңсыз балық аулады деген күдікпен 1988 және 1989 жылғы ер адам ұсталды. Олардан үш балық аулау құралы, ағаш қайық, 14 қап балық алынды», - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да куәлігі жоқ жүргізушінің жол ережесін бір күнде 13 рет бұзғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар