БҚО-да балалардың ойынынан 156 тонна шөп өртеніп кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында шаруа қожалығынан өрт шықты, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

430 шаршы метр аумақты шарпыған өрт 5 сағатқа созылған.

«20 қазан күні сағат 17:15-те Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Сүгірәлі ауылындағы шаруа қожалығының өртенуі туралы ақпарат келіп түсті. Ең жақын өрт сөндіру бөлімі 5 шақырым жерде орналасқан. Тілсіз жаудан 430 шаршы метр аумақ өртенді», - деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Кешкі сағат 20:37-де өрт ауыздықталып және 22:45-те толық сөндірілген. Салдарынан 156 тонна шөп жанып кетті.

«Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ. Алдын ала болжам бойынша, өрт балалардың ойынынан шыққан», - дейді ресми өкіл.

Өртті сөндіруге облыстық ТЖД 5 өрт сөндірушісі мен арнайы мамандандырылған 2 техникасы және ерікті өртке қарсы құрамның 24 қызметкері мен 3 техникасы жіберілген.

Соңғы жаңалықтар