БҚО-да азғындықпен айыпталған тұрғын тергеушіге пара бермек болған

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында азғындықпен айыпталған тұрғын тергеушіге пара бермек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орал қалалық сотында Болат Қажиповқа қатысты үкім шығып, ол ҚК-тің 24-бабы 3-бөлігі - 367-бабының 1-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылды.

Оралға қарасты Серебряков ауылындағы орта мектепте электрик болып жұмыс жасап жүрген 52 жастағы Б.Қажиповқа биылғы 5 шілдеде Шаған полиция бөлімінде ҚР ҚК 124-бабы 1-бөлігіне (жас балаларды азғындық жолға түсіру) сәйкес айып тағылып, тергеу жұмыстары басталған болатын.

Бұдан кейін сотталушы тергеушінің оң шешім қабылдауы үшін оның ұялы телефонының нөмірін біліп, «Kaspi Bank» қосымшасы арқылы 50 мың теңге аударып жіберген.

Алайда тергеуші бұл жөнінде БҚО полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарлап, пара алудан бас тартқан.

Үкімге сәйкес Б.Қажиповқа параның 11,25 еселенген сомасы мөлшерінде 562,5 мың теңге айыппұл салынды. Ол айыппұлды бір ай ішінде төлеуі керек.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі Б.Қажиповқа қатысты ҚР ҚК 124-бабы 1-бөлігіне сәйкес қозғалған қылмыстық істің сотқа жіберілгенін жеткізді.

Күдікті қамауда отыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да өрт сөндіру бөлімінің бастығын өлтірген қылмыскердің 11 жылға сотталғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар