+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 512.1
RUB 5.63 CNY 64.49
Jańalyqtar

БҚО-да азаматтық некедегі әйелін өлтірген тұрғынға үкім шықты

2020 жылғы 30 қазан 00:55
Бөлісіңіз:
БҚО-да азаматтық некедегі әйелін өлтірген тұрғынға үкім шықты

ОРАЛ. ҚазАқпарат – БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 45 жастағы Андрей Кошиковқа қатысты үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Кісі өлтіргені үшін 15 жылдан бері іздеуде жүрген Ресей азаматы Теміртаудан ұсталды Теміртауда пәтер тонап, үй иесін өлтіріп кеткен қарақшылар ұсталды Жітіқарада үйсіз қаңғыбастарды өлтірген жасөспірімдер сотталды

Соттың баспасөз қызметі мәлім еткендей, А.Кошиков ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылып, 13 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сотталушының жазасын қауіпсіздігі төтенше қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу белгіленді.

Сот үкім шығарған кезде қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілігін, сотталушының тұрғылықты мекен-жайы бойынша теріс мінездемесін, оның қылмыс жасағаннан кейінгі мінез-құлқын, жәбірленуші Е.Бондаренконың ең қатаң жазаны тағайындау жөніндегі пікірін ескерді.

Сот талқысында мәлім болғанындай, А.Кошиков биылғы 2 тамызда шамамен сағат 01.00-де өз үйінде бірге тұратын Н.Зуенкомен арақ ішкен. Соның салдарынан екеуінің арасында кикілжің туындаған. Жанжал кезінде А.Кошиков Н.Зуенконы ұрып-соғып, үйден шығарып жіберген. Азаматтық некедегі әйелі пәтерге кіргізуін өтініп, есікті ұрғылаған кезде А.Кошиков пышақпен соққылар жасаған.

Алған дене жарақаттарынан Н.Зуенко оқиға орнында көз жұмды.

А.Кошиковтің кінәсі сотта толық дәлелденді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да үйдің жертөлесінен ер адамның мүрдесі табылғанын жазған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT