БҚО-да әйелі мен екі кішкентай қызын өлтірген тұрғын қамауға алынды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында әйелі мен екі кішкентай қызын өлтірген тұрғын қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Тасқала аудандық сотының тергеу судьясы тергеушінің К-ны екі айға қамауға алу жөніндегі өтінішін қанағаттандырды.

Аталған тұрғын ҚР ҚК 99-бабы 3-бөлігіне (аса қатыгездікпен екі немесе одан көп адамды өлтіру, жас баланы өлтіру) және 202-бабы 2-бөлігі 1-тармағына (өрт қою жолымен бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру) сәйкес айыпталып отыр.

Бұдан бұрын жазғанымыздай, қайғылы оқиға Тасқала ауданы Ақтау ауылында 8 сәуірден 9-ына қараған түнде болды. Күдікті өртеп жіберген үйден оның әйелі мен екі кішкентай қызының денесі табылған болатын. Содан кейін ол өзіне қол жұмсамақ болған.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, қазіргі кезде 1986 жылғы ер адам ауруханада полиция қызметкерлерінің күзетуімен арнайы палатада жатыр.



Соңғы жаңалықтар