БҚО-да әйел адам қала әкімі болып сайланды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақсайда Айымгүл Тіржанова қала әкімі болып сайланды.

Сайлауға Бөрлі аудандық мәслихатының 13 депутатының 12-сі қатысып, олар түгелдей А.Тіржанованы қолдап, дауыс берді.

Айымгүл Тіржанова 1975 жылы 2 тамызда қазіргі Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында дүниеге келген. 1997 жылы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетін тарих пәнінің мұғалімі, 2004 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары Ақсай қаласындағы №4 орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі, Бөрлі ауданы ішкі саясат бөлімінің бас маманы, аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.

2005 жылдың қыркүйегінен бері осы кезге дейін Бөрлі аудандық білім беру бөлімін басқарды.

Соңғы жаңалықтар