БҚО-да аяздың күшеюіне байланысты көлік қозғалысы шектелді

Фото:
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында аяздың күшеюіне байланысты көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» АҚ БҚО филиалының мәліметі бойынша 9 қаңтар күні жергілікті сағат 23.30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты Самара-Шымкент автожолында (394-526 км, Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін) жолаушылар автобусы мен дизель отынымен жүретін автокөліктер үшін қозғалыс шектелді.

Шектелу себебі – ауа температурасы -30°С-қа дейін төмендеген. Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жарияланғанын жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда мал бағып жүріп жоғалып кеткен жасөспірімнің табылғанын жазған едік.

Сондай-ақ Астана мен бірнеше өңірде сабақ онлайн өтеді.


Соңғы жаңалықтар