БҚО-да автокөлік аударылып, қыз бала қаза тапты

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында автокөлік аударылып, қыз бала қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін Орал-Атырау жолы бойында орын алды.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, Ақжайық ауданы жақтан келе жатқан «ВАЗ-21114» автокөлігі Бәйтерек ауданы Янайкин ауылы тұсында аударылып қалған.

Автокөлікте жүргізушіден басқа әйелі және үш баласы болған. 2011 жылғы қыз бала жолда жедел жәрдем көлігінде көз жұмған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, жедел жәрдемге қоңырау сағат 16.53-те шалынған. Оқиға Орал-Атырау жолының 67-шақырымында болған.

Салдарынан 2011, 2008 және 2013 жылғы үш бала зардап шеккен. Соңғы екеуі облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да үш автокөлік түйісіп, 5 адамның жарақат алғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар