БҚО-да автокөлік аударылып, екі адам зардап шекті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында автокөлік аударылып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 23 мамыр күні Орал-Атырау жолында Ақжайық ауданы аумағында болды.

Шамамен сағат 13.20-да Мерген ауылы тұсында 36 жастағы әйел техниканың ақауы салдарынан Toyota Camry автокөлігінің руліне ие бола алмай қалып, аударылуға жол берген.

Соның салдарынан жүргізуші мен 1987 жылғы жолаушы түрлі жарақаттармен Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жеңіл көлік автобуспен түйісіп, екі адамның жарақат алғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар