+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

БҚО-да автокөлік аударылып, ағалы-інілі жігіттер ауруханаға жеткізілді

2020 жылғы 11 қыркүйек 23:10
Бөлісіңіз:
БҚО-да автокөлік аударылып, ағалы-інілі жігіттер ауруханаға жеткізілді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында автокөлік аударылып, ағалы-інілі жігіттер ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО-да көлік апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды Батыс Қазақстанда жүк көлігіне соғылған Toyota Camry жүргізушісі көз жұмды Павлодар облысында көлік жолға шығып кеткен жылқыға соғылды

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 11 қыркүйек күні Орал-Атырау жолының 80-шақырымында Ақжайық ауданы Бударин ауылы тұсында болған.

27 жастағы жүргізуші Daewoo Nexia автокөлігінің руліне ие бола алмай, жол жиегіне шығып кетіп, аударылып қалған.

Оқиға орнына жедел жеткен апаттық медицина орталығы трассалық медициналық-құтқару бекетінің қызметкерлері жүргізуші мен оның 24 жастағы інісіне алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қатты қорқып қалған оларға психолог та жәрдем берді.

Жүргізушінің сол қолының білезік сүйегі сынған. Құтқарушылар оның қолын таңып, қанды тоқтатты. Інісінің жағдайы қалыпты, дегенмен толық қаралу үшін ол да ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 60-тан астам дала өрті тіркелгенін жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT