БҚО-да автокөлік 4 жылқыны қағып өлтірді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында автокөлік 4 жылқыны қағып өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 1 қараша күні шамамен сағат 21.30-да Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы тұсында болды.

Орал-Атырау тас жолының 290-шақырымында 30 жастағы жүргізуші «Ford Transit» автокөлігімен еркін жайылып жүрген 4 бас жылқыны қағып кеткен.

Жол апаты салдарынан жануарлар оқиға орнында мерт болды.

Малдың иесі анықталған кезде ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 408-бабына сәйкес айыппұл салынатын болады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жол апатынан жүргізуші қаза тапқанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар