+7 (701) 759 90 19
USD 409.98 EUR 462.21
RUB 5.75 CNY 58.43
Jańalyqtar

БҚО-да ауылдан жаяу шыққан бес тұрғын далада қалды

2019 жылғы 7 наурыз 13:50
Бөлісіңіз:
БҚО-да ауылдан жаяу шыққан бес тұрғын далада қалды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында ауылдан жаяу шыққан бес тұрғын далада қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаменті жедел құтқару жасағының бас құтқарушы-психологы Лейла Әбдірахманованың айтуынша, оқиға 5 наурыз күні Сырым ауданында орын алды.

Үш ер, екі әйел адам Қоңыр ауылынан Самара-Шымкент жолын бетке алып, жаяу шыққан. Олардың бәрі де аудан орталығы Жымпиты ауылына баруы керек болған. Алайда жолды қар басып қалып, көлік жүре алмағандықтан, трассаға дейін жаяу жетуді жөн көрген.

Қалың қар мен ауа райының қолайсыздығы салдарынан Самара-Шымкент трассасына алты шақырымдай қалғанда, жолаушылардың әбден күші сарқылып, құтқарушылар қызметіне қоңырау шалуға мәжбүр болған.

Орал қаласынан жедел құтқару жасағының құтқарушылары жол талғамайтын «Трэкол» көлігімен оқиға орын алған жерге барып, жолаушыларға қажетті көмек көрсетіп, Жымпиты ауылына жеткізді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT