БҚО-да ауыл тұрғыны 4,5 кг жуық есірткімен ұсталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында ауыл тұрғыны 4,5 кг жуық марихуанамен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Бәйтерек ауданының 1972 жылғы тұрғыны ер адамға 37,25 грамм кептірілген марихуананы заңсыз сатқан.

Тінту кезінде ауласындағы шаруашылық құрылысынан 4356,99 грамм марихуана табылды. Оған қоса үйінен 73,64 грамм кептірілген марихуана шықты.

Есірткінің жалпы салмағы 4430,63 грамды құрады.

Қазіргі кезде күдіктіге қатысты ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігіне (есірткі заттарын заңсыз өткізу) және 2-бөлігіне (сату мақсатынсыз есірткі заттарымен заңсыз айналысу) сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар