БҚО-да ауа райының нашарлауына байланысты жолдар жабылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, кей жерлерде бұрқасын көтеріліп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жеткен.

Осыған байланысты республикалық маңызы бар Переметный - РФ шекарасы жолында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.

Сондай-ақ облыстық маңызы бар Шыңғырлау - Ақшат - Сегізсай, Барбастау -Ақжайық - Индер, Жымпиты - Қаратөбе жолдары жабылды.
«Қазіргі кезде тұрғындарға СМС хабарламалар жіберіліп, алыс сапарға шықпау керектігі жөнінде ескертілуде», деп хабарлады БҚО ТЖ департаментінен.

Еске сала кетейік, кеше ауа райының бұзылатыны жөнінде ескерту жарияланғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар