БҚО-да ауа райының қолайсыздығынан барлық жолдар жабылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты барлық жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінен алынған мәліметке қарағанда, 16 желтоқсан күні жергілікті сағат 10.30-дан бастап республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда барлық көлік түрлері үшін шектеу қойылды.

Өңірде қатты көктайғақ әлі де жалғасуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын облыста жолдардың жабылғаны жөнінде жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар