БҚО-да ауа райына байланысты тағы ескерту жарияланды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, өңірдің кей жерлерінде 28 мамыр күні күндіз солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шаңды дауыл тұрып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал.

Орал қаласында да жел секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті тағы да ескерту жариялады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын облыста 25-26 мамыр күндері желдің күшейетіні жөнінде алдын ала хабарланған болатын. 25 мамыр күні БҚО-да күшті желдің салдарынан ағаштар құлап, электр желілерінің үзілгенін жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар