USD 431.67 EUR 487.79
RUB 5.77 CNY 67.73
Jańalyqtar

БҚО-да Ата Заң мерекесіне орай 626 сақшы марапатталды

2016 жылғы 30 тамыз 16:54
Бөлісіңіз:
БҚО-да Ата Заң мерекесіне орай 626 сақшы марапатталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қазақстан Конституциясы күніне орай батысқазақстандық сақшылар сапқа тұрып, салтанатты шеру жасады.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, алдымен ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қ.Қасымовтың құттықтау жеделхаты мен сала үздіктерін марапаттау туралы бұйрығы оқылды.

БҚО ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Мақсұтхан Әбіләзімов министрдің атынан төсбелгілер, грамоталар мен алғысхаттар табыс етті. Сонымен қатар Рио олимпиадасының қола жүлдегері, полиция лейтенанты Екатерина Ларионованы осынау табысымен құттықтап, спортшыға «Қазақстан полициясына - 20 жыл» және «Динамо» қоғамына - 90 жыл» медальдары мен ақшалай сыйлықты тапсырды. Палуанның әкесі әрі жеке бапкері Алексей Ларионов департамент басшылығы мен жеке құрамға, әсіресе, қызын ұзақ уақыт бойы жаттықтырған жедел қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы Әсет Ерекешевке алғысын білдірді.

Шара барысында Ішкі істер министрінің және департамент бастығының бұйрығымен барлығы 626 полиция қызметкері марапатталды. 33 жас тәртіп сақшысы Қазақстан халқына және еліне адал қызмет етуге салтанатты түрде ант берді.

null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT