БҚО-да Армениядан әкелінген 300-ден астам көліктің иелері сары нөмір алды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 300-ден астам Армениядан әкелінген автокөлік иелері сары нөмір алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция майоры Александр Плешаковтың айтуынша, Армениядан биылғы 1 ақпанға дейін әкелінген сол жақ рульді автокөліктерді тіркеу 1 маусымда басталған болатын.

Күні бүгінге дейін 312 автокөлік иесі сары нөмірді тағып үлгерді.

Автокөлікті тіркеу үшін 11 946 теңгеге үш төлем (тіркеу үшін – 695 теңге, техникалық құжат үшін – 3 473 теңге, мемлекеттік нөмір үшін 7 778 теңге) жасау қажет. Сондай-ақ тиісті құжаттар керек болады.

«Шара биылғы 1 қыркүйекке дейін созылады. Сондықтан армян нөмірімен жүрген көлік иелері осы мүмкіндікті пайдаланып қалғаны жөн. Ол үшін Орал қаласы Жәңгір хан көшесі 160-мекенжайында орналасқан мамандандырылған арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласып, әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлерінен кеңес ала алады. Сонымен қатар полиция департаменті колл-орталығының 8(7112) 35-04-84, 8-708-435-04-84 телефондарына қоңырау шалуға болады», деді А.Плешаков.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда Армениядан әкелінген екі автокөліктің тіркелгенін , пойыз келе жатқанына қарамастан, теміржол өткелінен өтпек болған жүргізушінің жауапқа тартылғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар