БҚО-да алғаш рет процессуалдық прокурор айыпталушылардың ісін сотқа берді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 5 маңызды қылмыстық іс бойынша 7 тұлғаға қатысты процессуарлық прокурорлар тағайындалды.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған істер бойынша процессуалдық прокурорлар қылмыстық қудалау органдарына нұсқаулар берді, сонымен қатар қамауға алу түрінде бұлтартпау шараларына рұқсат беру туралы қолдаухаттар келісілді. Соның ішінде процессуалдық прокурор сотқа дейінгі тергеу нәтижесінде шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысуға дайындық және Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту фактісі бойынша үш адамға қатысты істі сотқа жіберді, ол қазір қаралу сатысында.

Атап айтатын жайт, биылғы жыл басынан бері жаңа қылмыстық-процестік заңнамаға сәйкес процессуалдық прокурор институты енгізілген болатын. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің нормаларына сәйкес прокуратура басшысы процессуалдық прокурорды нақты қылмыстық іс бойынша тағайындайды, ол сотқа дейінгі тергеу барысында қадағалауды іске асырып, сотта мемлекеттік айыптауды қолдайды. Процессуалдық прокурор бірыңғай сотқа дейінгі тергеу тізілімінде қылмысты тіркеу сәтінен бастап тергеушіге басшылық жасап, процессуалдық әрекеттерді санкциялау туралы тергеушінің жеке қолдаухаттарын қарайды, осы қолдаухаттарды тергеу судьясының алдында қолдап, тергеушіге нұқсау береді, айыптау актісін бекітеді немесе оны дайындайды, айыпталушыны сотқа береді және егер олармен келіспеген жағдайда сот үкімдеріне наразылық білдіре алады.

Процессуалдық прокурорды заңнамамен қарастырылған жағдайлардан басқа ешкім ауыстыра алмайды.

Соңғы жаңалықтар