БҚО-да алаяқ әйел пәтер алып берем деп 13 адамның ақшасын жымқырған

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында алаяқ 13 адамды алдап, 5,5 млн теңгесін жымқырып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, «Контрафакт» жедел алдын алу шарасы барысында алаяқ әйелдің Ақсай қаласының 1977 жылғы тұрғыны екені белгілі болды.

Ол интернет желісі арқылы мемлекеттік бағдарламамен пәтер алып беремін деп адамдарды алдаған. Осы қызметі үшін жәбірленушілерден «Kaspi.kz» қосымшасы арқылы банк карточкасына 350 мың мен 600 мың теңге көлемінде ақша салуын талап еткен. Жалпы залал көлемі 5,5 млн теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, іс сотқа жолданды.

Сол секілді жұмыс іздеп жүрген азаматтар «Жұмысқа орналастырамын» деген алаяқтарға сеніп, табыс таппақ түгілі, қолындағы барынан айырылып қалуда. Мысалы, Атырау қаласының 25 жастағы тұрғыны вахталық жұмысқа орналастырмақ болып әр адамнан 30-35 мың теңгеден ақша алып, хабарсыз кеткен. Қазір бұған қатысты ҚР ҚК 190-бабына сәйкес 5 эпизод бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Алданудың тағы бір түрі – ақшаны қарызға беріп, қайтарып ала алмау.

Айта кетейік, биылғы екі айда облыста 197 алаяқтық (өткен жылы осы мерзімде – 196) қылмысы тіркеліп отыр.



Соңғы жаңалықтар