+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

БҚО-да адамдардың бір-біріне коронавирус жұқтыруы жиілеп отыр

2020 жылғы 26 мамыр 20:45
Бөлісіңіз:
БҚО-да адамдардың бір-біріне коронавирус жұқтыруы жиілеп отыр

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында адамдардың бір-біріне коронавирус жұқтыруы жиілеп отыр.

Ұқсас жаңалықтар
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина салдырды Коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші жарияланды Коронавирус алдында балалардың анағұрлым осал тобы аталды

Бұл туралы БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев брифингте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауырғандардың басым көпшілігі немесе 89 пайызы Орал қаласында шоғырланған. Сондай-ақ облыстың жеті ауданында коронавирус жұқтырғандар анықталды.

Соңғы үш күнде аурудың өсу деңгейі 7 пайыздан 9,2 пайызға жетті. Мұның бір себебі – бұрын ауырғандармен қарым-қатынаста болғандардың бәрі тексерілуде.

Сырқаттанғандардың 57,6 пайызы немесе 265-і – сырттан келгендер. Соның ішінде 192-сі – Ресейдің Самара, Саратов облысы арқылы елге жеткендер. Германия мен Беларусьтан келген бір-бір адамнан ауру табылды.

Теңіз кенішінен келгендер арасынан 71 адамның дертке шалдыққаны белгілі болды. Өкінішке қарай, дене қызуы көтерілсе де, қауіпсіздікті сақтамау салдарынан олардың ауруды өз туыстарына, әйелі, балаларына жұқтырғаны анықталды. Сондай төрт ауру ошағында 17 коронавирус оқиғасы тіркелді.

Қарым-қатынаста болған 189 адамнан ауру табылды.

Өмір болған соң, өлім-жітім кездеспей тұрмайды. Сырым және Шыңғырлау ауданында жерлеу рәсіміне көп адамның жиналғаны анықталды.

Сырым ауданында төрт адам дертке шалдықты. Соның ішінде біреуі өз отбасындағы екі адамға және медбикеге ауру жұқтырды. Ауру белгілері байқалған бойда ауруханаға бармай, жедел жәрдем шақырса, індет олай таралмас еді. Қазіргі кезде ауданда карантин жарияланып, науқастармен қарым-қатынаста болғандар тексеріліп, сынама теріс нәтиже көрсетті.

Сонымен қатар Шыңғырлау ауданында бір адамнан коронавирус табылды. Енді эпидемиолог мамандар сол жерлеу рәсіміне қатысқан адамдарды анықтап, тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Ең басты шарт – адамдар көшеге шыққанда, ара қашықтықты сақтауы, көпшілік жиындарға бармауы керек. Мысалы, Ораза айы мен айт күндері адамдардың бір-бірін қонаққа шақыруы жиіледі. Сондай-ақ автобустарға мінгендер, базар, дүкендерге барғандар ішінде бетпердесіз жүргендер аз емес. Жолаушы тасымалдаушы кәсіпорындар да дезинфекциялық, санитарлық талаптарды сақтай бермейді. Егер олар мұны жалғастырса, сол бағыттағы автобустар қозғалысын тоқтатуға дейін шешім қабылданатын болады. Қорыта айтсақ, 15 маусымға дейін ұзартылған карантиндік талаптарды сақтай алсақ қана шектеу шараларын жеңілдетеміз», деді М.Арыспаев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да екі ауыл карантинге жабылып, блокпостар қойылғанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT