БҚО-да 9449 азаматтың құқығы қорғалып, 498 млн. астам жалақы берешегі өтелді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында өткен жылы 9449 азаматтың еңбек құқығы қалпына келтіріліп, 498 млн. астам теңге жалақы берешегі өтелді.

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде «Стройинвестплюс» ЖШС-ның 47 қызметкерге 4,8 млн. теңге еңбекақы төлемеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергелуде.

Қадағалау шараларының нәтижесінде 31 мыңнан астам жасөспірімнің құқығы қорғалды. Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі мен психоневрологиялық интернат-үйінің мүгедек балаларына тиесілі 21 млн. астам теңгені жымқырған «Қазпошта» АҚ облыстық филиалының учаске бастығы Исқақова мен сегіз бірдей кассир-оператор ұзақ мерзімге сотталды, олардан ішінара 14 млн. теңге өндірілді.

Шағын және орта бизнесті тексеруге жарияланған мораторий мүлтіксіз орындалып келеді. Жедел топтар кәсіпкерлік өкілдерінің 37 арыз-шағымын қарап, соның 17-сі дәлелін тапты, 160-тан астам кәсіпкер мемлекеттік органдардың заңсыз іс-әрекеттерінен қорғалды.

Прокурорлық тексерулер қорытындысына сәйкес 404 сотталушының сапалы медициналық және материалдық-техникалық көмек алуға, денсаулығын қорғауға деген құқығы аяқасты етілген жоқ.

Айта кетейік, әлеуметтік-экономикалық салада барлығы 45 мыңнан астам адамның құқығы қалпына келтірілді.

Соңғы жаңалықтар