БҚО-да 700-ден астам мүгедек санаторлық-курорттық еммен қамтылмақ

None
None
ОРАЛ. 3 сәуір. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биыл 700-ден астам мүгедек санаторлық-курорттық еммен қамтылмақ.

Бұл мақсатқа 46,0 млн. теңге бөлініп отыр. Сонымен қатар мүгедектерді әлеуметтік бейімдеу бағдарламасы жалғасып, олар қажетті көру, есту, қозғалу құралдарымен қамтамасыз етіледі. Осыған орай мемлекеттен бөлінетін қаржы жыл сайын ұлғайып келеді. Айталық, биыл мүгедектерге компенсаторлық жабдық алу үшін 66,9 млн. теңге берілген.

Мүмкіндігі шектеулі 638 бала, 2377 жалғызілікті қарттар, сондай-ақ бірінші және екінші топтағылар, психоневрологиялық дертке шалдыққандар әлеуметтік қызметкерлердің күтімінде. Бұған 18 жастан жоғары 357 мүгедекті қосуға болады. 2012 жылы үйде әлеуметтік көмекті ұйымдастыруға 437,2 млн. теңге қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар