БҚО-да 70-тен астам адам қаржы пирамидасына алданып қалды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 70-тен астам адамды алдаған «SWEET MONEY» қаржы пирамидасы ҚР ҚК 217-бабына сәйкес тергелуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО бойынша экономикалық тергеу департаменті мәлім еткеніндей, аталған қаржылық пирамиданы ұйымдастырушылар «WhatsApp» мессенджері арқылы қаржы тартқан.

Жоба шартымен келіскендер «Kaspi Gold» банк картасына ақша салып, алты күннен кейін салым сомасының 50-70 пайызын сыйақы есебінде алуға тиіс болған. Қаржы пирамидасының құрылымына сәйкес қаражат салымшыларға жаңа қатысулар салған ақша есебінен бөлінеді. Әдетте пирамида құрушы қомақты қаражат жинап алғаннан кейін төлемдерді тоқтатады және барлық ақшамен із-түзсіз жоғалады.

«Алданғандар салған қаржы көлемі әр түрлі. Кейбіреулер 200 мың теңгесінен айырылса, біреулер 5 мың теңге салған. Егер «SWEET MONEY» зергерлік салонының осындай әрекеттерінен басқа да зиян шеккендер болса, департаменттің +7 (7112) 53-84-27 сенім телефонына қоңырау шалғаны жөн», деп хабарлады ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар