БҚО-да 7-сынып оқушысы асылып қалды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 7-сынып оқушысы асылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 20 қаңтар күні Бөкей ордасы ауданы Саралжын ауылында болды.

Кешке қарай адам тұрмайтын үйдің ауласындағы сарайда 2006 жылғы бала асылып қалған.

Дерек өзіне-өзі қол жұмсау ретінде тіркелді.

Бөкей ордасы аудандық полиция бөлімі оқиғаның себебі мен мән-жайын тексеруде.

БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі ер баланың Қ.Сағырбаев атындағы орта мектептің 7-сыныбында оқығанын жеткізді. Ол толық отбасында тәрбиеленген.

Еске сала кетейік, өңірде өткен жылы осындай бірнеше оқиға тіркелген еді. Жаңақала ауданында қос бірдей 11-сынып оқушысы асылып қалса, Сырымда қыз бала өзіне-өзі қол жұмсаған болатын.


Соңғы жаңалықтар