БҚО-да 6 млрд теңгеге 4 сүт-тауарлы ферма салынады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 6 млрд теңгеге 4 сүт-тауарлы ферма салынады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңірде импортқа тәуелділікті төмендету, тамақ өнімдері өндірісін дамыту және облыс халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмысты қолға алып жатырмыз. 2023 жылы өңірлік агроқұрылымдар мен кәсіп иелеріне 16 млрдқа жуық субсидия және 15 млрд теңге несие беру қарастырылған. Бұл жергілікті шаруаларға мемлекет тарапынан үлкен қолдау және зор мүмкіндік. Сондай-ақ, өңір халқын сүт өнімдерімен қамту бағытында «Агроөнеркәсіп кешендегі инвестициялық жобаларды қаржыландыру» бағдарламасы аясында 6 млрд теңгеге ірі 4 сүт-тауарлы фермасын салу жоспарланып отыр 2 пайызбен несие беретін боламыз. Жаңа сүт-тауарлы фермаларын ашқан жағдайда облыс халқын сүт өнімдерімен қамтамасыз ету 22 пайыздан 32 пайызға артатын болады», - деді өңір басшысы.

Оның дерегінше, «Жасыл белдеу» бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін суармалы жерлерді 9,6 мың гектардан 15 мың гектарға дейін ұлғайттылады.

«Бүгінде картоп өнімімен қамтамасыз ету 91, пиязбен 98, сәбізбен және қырыққабатпен 56 пайызды құрап отыр. Осы бағыттағы жұмысты күшейтетін боламыз. Аталған өнімдермен өз-өзімізді қамту үшін жыл соңына дейін жалпы сомасы 3 млрд теңгені құрайтын сыйымдылығы 12 мың тонна болатын екі ірі инвестициялық жоба («жүзеге асырылады», - деді ол.

Облыс басшысының атап өтуінше, 2025 жылға дейін қазіргі талаптарға сай 48 көкөніс қоймасы жұмыс істейтін болады. Олардың жалпы сыйымдылығы 100 мың тоннадан асады.

«Осылайша, аталған өнімдермен өз-өзімізді толық қамтитын боламыз», - деді Нариман Төреғалиев.


Соңғы жаңалықтар