+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

БҚО-да 58 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды

2021 жылғы 12 мамыр 16:10
Бөлісіңіз:
БҚО-да 58 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 58425 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 1,5 мыңға жуық науқастың жағдайы ауыр Қазақстанда 1 тәулікте коронавирус пневмониясынан 10 адам қайтыс болды Реанимацияда орын жоқ: елордалық дәрігерлер ковид стационарларындағы жағдайды көрсетті

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, соның 6329-ы – медицина қызметкерлері, 6864-і – педагогтар, 3315-і – құқық қорғау органдары, 41917-сі – басқа сала өкілдері.

Сонымен қатар 22464 адам екінші компонентті қабылдады.

Ақпанның 1-інен бері облысқа барлығы 102200 доза (77050-і – бірінші, 25150-і – екінші компонент) вакцина жеткізілді.

Соңғы рет, 5 мамырда Біріккен Араб Әмірліктерінде өндірілген 17500 доза (І компонент) Hayat-Vax араб вакцинасы түсті.

Өңірде тұрғындарды вакцинациялау одан әрі жалғасуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда соңғы аптала коронавирус жұқтыру көрсеткіші 8 пайызға төмендегенін жазған болатынбыз.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT