БҚО-да 5443,8 млн. теңге көлемінде 2849 шағын несие берілді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған 2011 жылдан бері 5443,8 млн. теңге көлемінде 2849 шағын несие берілді.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Аслан Жақыповтың сөзіне қарағанда, аталмыш бағдарлама ауыл кәсіпкерлеріне несиеге жол ашумен бірге кәсіпкерлік дағдыларын үйретуге де мүмкіндік берді. Осы мерзімде, яғни 2011-2014 жылдары 3741 адам оқытылды. Барлығы 2950 жұмыс орны ашылса, соның 631-і 2014 жылдың үлесіне тиеді.

Шағын несиелердің негізгі бөлігі немесе 738 пайызы агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталды. Сондай-ақ 1,7 пайызы - жеңіл өнеркәсіп, 0,8 пайызы - құрылыс материалдары мен жиһаз өндірісіне, 23,6 пайызы тұрмыстық қызмет, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету, шаштараз, қоғамдық тамақтандыру және басқаларға жұмсалды.

2014 жылы ауыл халқын шағын несиелеуге республикалық бюджеттен 995,998 млн. теңге мақсатты трансферт бөлініп, осы қаржыны «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ 506 шағын несие түрінде үлестіріп берді. Сондай-ақ 500 адам 23,7 млн. теңгеге кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасады.

Соңғы жаңалықтар