БҚО-да 49 млрд. теңгенің 396 жобасы мақұлданды

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 2010-2014 жылдары «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 49 млрд. теңгенің 396 жобасы мақұлданды.

БҚО кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Аслан Жақыповтың сөзіне қарағанда, соның ішінде ауылдық жерде 15,2 млрд. теңгенің 130 жобасы қолдау тапты. Аталмыш жобалар аясында 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. 2014 жылы 9,4 млрд. теңгенің 123 жобасы құпталды. Сондай-ақ 2012-2014 жылдары 34 кәсіпкерге 101 млн. теңге көлемінде мемлекеттік инновациялық гранттар берілді.

Өткен жылы жеке кәсіпкерлерді қолдауға республикалық бюджеттен 1054,7 млн. теңге (соның ішінде несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені демеуқаржыландыруға - 960,1 млн. теңге, несиелер бойынша кепілдікке - 30 млн. теңге, кепілдік қаржыға - 11 млн. теңге, бизнесті сервистік қолдауға - 53,6 млн. теңге) бөлініп, игерілді. Сонымен қатар өндірістік инфрақұрылымды дамытуға 657,3 млн. теңге қаралып, соның 447 млн. теңгесі немесе 68 пайызы игерілді.

2012-2014 жылдары «Бизнес көмекші» жобасы бойынша 3206 кәсіпкер, шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту жобасына сәйкес 33 адам, «Іскерлік байланыстар» бойынша 59, осының ішінде жетеуі шетелдерде білімін жетілдірді. Осы кеезңде бұрыннан бар бизнесті қолдау мақсатында 14198 кәсіпкерге қызмет көрсетілді. 2014 жылдан бастап аудан орталықтарында да кәсіпкерлерді қолдау орталықтары, сондай-ақ «Даму» қоры жанындағы жедел орталықтар жұмыс жасап келеді.

Соңғы жаңалықтар