БҚО-да 4 мыңнан астам мемлекеттік қызметші еңбек етеді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 4 мыңнан астам мемлекеттік қызметші еңбек етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, биыл мемлекет қызмет құрылымдарына 20 жыл толып отыр. Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт  жоспарына сәйкес Қазақстанда мемлекеттік қызмет жетілдіріле түсуде. Меритократия қағидасын сақтап, ашықтық пен жариялылық қамтамасыз ете отырып, мемлекет қызмет саласын цифрландыру қолға алынуда.

Жүйелі реформалар нәтижесінде елімізде бірегей үлгі қалыптасты.

Меритократия қағидасына және ротацияға сәйкес соңғы екі жылда орталық - өңір, өңір - орталық және облыстағы сондай жүйемен мемлекеттік құрылымдарда 100-ге жуық басшы тағайындалды. Олардың 95 пайызы - жергілікті кадрлар. Мемлекеттік қызметшілер білімін жетілдіру де басты назарда. Айталық, Президенттің «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алған 14 мемлекеттік қызметші облыста қызмет атқаруда.

Салтанатты жиын барысында сала үздіктеріне «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен облыс әкімінің алғысхаттары табыс етілді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында өткен облыстық спартакиада жеңімпаз-жүлдегерлері марапатталды.

Соңғы жаңалықтар