БҚО-да 4 млн астам теңгені заңсыз аударған мекеме бухгалтері сотталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Жәнібек аудандық сотында «Балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы» КММ бухгалтері Ақсұлу Ибраеваға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, А.Ибраева сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде иемдену немесе талан-таражға салу дерегі бойынша айыпты деп танылды.

Аталған лауазымды қызметкер ЭЦҚ пайдалану арқылы мекеме қызметкерлерінің, сондай-ақ басқа да адамдардың жеке шотына 4 млн астам теңгені заңсыз аударып жіберген.

Сот үкімімен А.Ибраеваға мүлкін тәркілемей 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы кесілді. Сондай-ақ ол 3 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарға орналасуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жазасын өтеушілерді ұрып-соққан колония қызметкерлерінің сотталғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар