БҚО-да 4,5 тонна пішен мен екі қора өртенді

Фото: None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 4,5 тонна пішен мен екі қора өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 18 сәуір күні Шыңғырлау ауданында болды.

Сағат 13.08-де Ащысай ауылдық округі Мырзақора елді мекенінде, өрт сөндіру бекетінен 30 шақырым жерде 4,5 тонна пішен мен екі шаруашылық құрылысы отқа оранды.

Аумағы 225 шаршы метрді құраған өрт сағат 14.10-де оқшауланды. Қазіргі кезде өрт сөндіріліп жатыр.

Департамент мәліметіне қарағанда, сондай-ақ бүгін сағат 17.00-де Самара-Шымкент жолы бойында Теректі ауданы Ұзынкөл ауылы тұсында автокөлік өртеніп кетті.

Орал қаласында сағат 16.07-де Алматы көшесі 109/1-мекенжайында 5 қабатты үйде өрт болды. Бірінші қабаттағы пәтерде жеке заттар жанды. Оқиға орнынан пәтер иесі, 62 жастағы ер адам құтқарылып, ауруханаға жатқызылды.

Сағат 16.32-де сөндірілген бұл өрт алдын ала болжам бойынша отпен абай болмаудан шыққан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 2,5 тонна заңсыз балық тиелген көлік аударылып қалғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар