БҚО-да 300-ден астам адам қар құрсауынан құтқарылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 300-ден астам адам қар құрсауынан құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеше сағат 17.40-та Тасқала ауданында Орал - Саратов жолының 50-70 км аралығында 31 жеңіл көлікке жәрдем берілді. 59 адам құтқарылса, соның бесеуі - балалар. 8 адам эвакуацияланса, соның алтауы - балалар.

Бүгін түнгі сағат 00.30-да осы ауданда Орал - Тасқала - РФ шекарасы жолының 50-104 км аралығында, Тасқала - Оян жолының 65-шақырымында 1 жолаушылар таситын «УАЗ», 74 жеңіл және 2 жүк көлігі тазартылған жерге шығарылды. Бұларда 265 адам болса, соның 12-сі - балалар. 6 адам (біреуі - бала) эвакуацияланды.

«Қазавтожол» ЖШС БҚО филиалының мәліметі бойынша бүгін таңғы сағат 08.00-ден бастап қатты боран мен желдің жылдамдығы секундына 18-20 метрге дейін жетуіне байланысты республикалық маңызы бар Орал - Тасқала - РФ шекарасы (31-104 км, Переметныйдан шекараға дейін) және Қазталов - Жәнібек (0-165 км) жолдары барлық көлік түрлері үшін қайтадан жабылды.

БҚО ТЖ департаменті облыстық жолдардың әлі ашылмағанын жеткізді.

Еске сала кетейік, кеше БҚО-да жолдар жабылып, ауа райына байланысты тағы да ескерту жарияланғанын жазған болатынбыз.

Кеше түнге қарай өңірдегі барлық жолдар жабылған еді.

Соңғы жаңалықтар