БҚО-да 275,9 млн. теңгеге төрт жоба мақұлданды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО әкімінің орынбасары Игорь Стексовтың төрағалық етуімен өткен өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына қатысу үшін 275,9 млн. теңгеге төрт жаңа жоба мақұлданды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Кеңес тарапынан алкогольсыз сусын шығаратын және көлік қызметін көрсететін кәсіпорындардың жобалары қолдау тапты. Олар аталмыш бағдарламаның бірінші және екінші бағыттары бойынша несиенің пайыздық мөлшерлемесінің жүгін жеңілдетуге мүмкіндік алды.

Отырыста сондай-ақ Бөрлі ауданында жүзеге асырылған «Антикафе» гранттық жоба бойынша мониторинг қорытындылары қаралды. Ақсай қаласында алкогольды сусындар сатылмайтын бірінші антикафе ашу үшін 2015 жылы ғимаратты жөндеу мен жабдық алуға грант берілген болатын. Қазіргі таңда тұрақты клиенттерін тапқан кафеде балалардың туған күндері және басқа шаралар өткізілуде.

Айта кетейік, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері өңірде 78,1 млрд. теңгенің 637 жобасы мақұлданса, соның 247-сі (28,6 млрд. теңге) ауылдық жерлердің үлесіне тиеді. Өткен жылы 22,3 млрд. теңгеге 130 жоба қолдау тапты. 

Соңғы жаңалықтар