БҚО-да 2 мыңнан аса тұрғын үйі ауыз сусыз қалған ауылда төтенше жағдай жарияланды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысындағы Ақжайық ауданына қарасты Чапаев ауылында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған елді мекен басшысының шешім құжатында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«8 наурыз күні Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы Чапаев ауылының орталықтандырылған сумен қамту жүйесі ұңғымаларындағы 3 су сорғыштың біреуі істен шықты. Қалған құрылғылар су қысымын қажетті деңгейде жеткізе алмағандықтан, қазіргі таңда 2 099 тұрғын үй, 41 әлеуметтік нысан сусыз қалды. Өйткені, қалған екі су сорғыштың тозуы 60%-ға жеткен. Қазіргі таңда суды кестемен беру мүмкіндігі қарастырылып, кестеге сәйкес, сағат 07:00-09:00, 12:00-14:00, 17:00-22:00 аралығында берілуде. Қалыптасқан жағдайдың салдарын шұғыл жою және әлеуметтік шиеленістің алдын алу мақсатында төтенше жағдай жариялау қажеттілігі туындап отыр», - деп аталған шешімге түсіндірме берілген.

Еске салайық, таяуда ауыз су мен жылусыз қалған Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданының Теректі ауылдық округінде төтенше жағдай жарияланған еді.


Соңғы жаңалықтар