БҚО-да 2 адам көлігімен өзенге батып кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстаноблысында екі адам автокөлікпен өзенге батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазталов аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінен алынған мәліметке қарағанда, қайғылы оқиға кеше сағат 14.00 мен 15.00 аралығында Ақпәтер ауылы тұсында болған.

1979 және 1981 жылы туған екі тұрғын «АудиА6» автокөлігімен Қараөзенде мұздың үстімен өтемін деп батып кеткен. Көп ұзамай олардың денелері судан шығарылды.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Соңғы жаңалықтар