+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

БҚО-да 150-ден астам медицина қызметкері коронавирус жұқтырған

2020 жылғы 29 маусым 18:21
Бөлісіңіз:
БҚО-да 150-ден астам медицина қызметкері коронавирус жұқтырған

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған 43 медицина қызметкері жұқпалы аурулар стационарында емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Қаюповтың айтуынша, өңірде індет басталғаннан бері 150-ден астам медицина қызметкері коронавирус жұқтырды.

Олардың басым көпшілігі жазылып шықты, бірқатары қызметтеріне қайта кірісті.

Қазіргі таңда 43 қызметкер тиісті ем алуда, олардың көпшілігі бұрын коронавирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған.

Сондай-ақ ауру жедел жәрдем қызметкерлерін де айналып өткен жоқ. Олардың арасынан 11 адам сырқаттанса, соның үшеуі емделіп шықты.

Күні бүгін өңірдегі жұқпалы аурулар стационарларында 665 төсек-орын бар. Оның санын аудандар есебінен 717-ге жеткізу мүмкіндігі бары айтылуда.

«Қазіргі таңда мамандар жетіспеушілігі сезілуде. Көптеген дәрігерлер бірнеше ай бойы үйлеріне бармай, қызмет атқаруда, жұмыс кестесі өте тығыз. Сондықтан жағдай өте күрделі. Түрлі себептермен ақысы сақталмайтын демалысқа кеткен дәрігерлерге тұрғындардың сауалына тез де дәл жауап беруі үшін біздің байланыс орталықтарында жұмыс істеуді ұсынудамыз. Ал аудандарда жағдай қалыпты. Аудандардан дәрігерлер мен медбикелердің Оралға жіберілуі арқасында жағдайды бақылап отырмыз. Егер аурулар саны өсе берсе, кадр жетіспеушілігі одан сайын сезіле түсетін болады. Сондықтан тұрғындардан ауырып, ем іздемеу үшін санитарлық талаптарды барынша сақтап, дәрігерлер жұмысын жеңілдетуді сұраймыз», - деді Б.Қаюпов.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан 58 науқастың ауыр халде жатқанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT