БҚО-да 14 жастағы қыз суға кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 14 жастағы қыз суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше Теректі ауданы Подстепный ауылы маңында болды.

Сағат 17.00-де жасөспірім Ядовитая көлінің рұқсат етілмеген жерінде шомылып, суға кеткен.

Оқиға орнында жедел құтқару жасағының 5 қызметкері жұмыс істеп, 20 минуттан кейін марқұмның денесін судан алып шықты.

Айта кетейік, жыл басынан өңірде 22 адам суға кетсе, соның бесеуі - балалар. Жеткіншектер суға түсуге көбіне ересектердің қарауынсыз барады. Ал оның арты орны толмас қайғыға айналуы мүмкін.

Бұдан бұрын БҚО-да екі адамның суға кеткенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар