БҚО-да 14 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 14190 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, соның 4696-сы – медицина қызметкерлері, 2867-сі – педагогтар, 1280-і –құқық қорғау органдарының өкілдері, 5347-сі –басқа сала адамдары.

Оған қоса 3459 адам вакцинаның екінші компонентін алды.

Екпе науқаны басталғаннан бері облысқа 34300 доза вакцина жеткізілсе, соның 24150-і – бірінші, 10150-і – екінші компонент.

9 сәуірде әкелінген 14 мың доза (І компонент) өңірдегі медицина ұйымдарына бөлініп берілді. Тұрғындарды көбірек қамту мақсатында егу кабинеттері демалыс күндері де жұмыс істейтін болды. Атап айтқанда, 9 сәуірде – 1175, 10-ы күні – 1935, кеше 930 адам екпе салдырды.

Күні бүгінге дейін соңғы түскен вакцинамен 4040 адам (28,8 пайыз) егілді.

Алдын ала мәлімет бойынша осы айда тағы да 35 мың доза вакцина өңірге жеткізілмек.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да соңғы төрт күнде коронавирус жұқтырғандар саны 500-ге жуықтағанын жазған едік.



Соңғы жаңалықтар