+7 (701) 759 90 19
USD 428.07 EUR 507.61
RUB 5.62 CNY 65.15
Jańalyqtar

БҚО-да 120-дан астам адам арнаулы жиынға қатысуға ниет білдірді

2020 жылғы 7 сәуір 19:08
Бөлісіңіз:
БҚО-да 120-дан астам адам арнаулы жиынға қатысуға ниет білдірді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 120-дан астам адам арнаулы жиынға қатысуға ниет білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі Мақсат Мұқановтың айтуынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы Жарлығына сәйкес әскери қызметке жарамдылар төтенше жағдай талаптарын сақтауға, көктемгі су тасқынымен күреске және басқа да шараларға жұмылдырылатын болады.

«Қазірдің өзінде облыс бойынша 120-дан астам адам арнаулы жиынға қатысуға тілек білдірді. Әрине, ниет білдіргендер комиссиядан өтсе ғана әскери қызметке қабылданады. Бұрын әскерде болмағандар, әйел адамдар, күндізгі бөлімде оқитын студенттер алынбайды. Комиссиядан өткендер басқа өңірге жіберілмейді. Осы облыс ішінде қоғамның қауіпсіздігін сақтау, дезинфекциялау және басқа қажетті жұмыстарға қатысып, блокпосттарда қызмет атқарады», - деді Мақсат Мұқанов.

Әскери қызметке шақырылушыларды жергілікті билік орындары тамақпен, киім-кешекпен, жалақымен, яғни барлық жеңілдікпен қамтамасыз етеді. Олардың жұмыс орны, еңбекақысы сақталады. Ал жұмыссыз жүргендер, өзін-өзі қамтамасыз етушілер орташа жалақы (42 500 теңге) алады.

Бұлардың бәрі арнайы қабылданатын облыс әкімінің қаулысында көрсетіледі.

Әскерге алынғандардың тұрғынжайы да шешіледі. Олар өз үйлерінен қатынап та жұмыс істей алады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT