БҚО-да 12 денсаулық сақтау нысанын салу мен жарақтандыруға 8,4 млрд теңге бөлінді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 50 медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысаны салынады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Нариман Төреғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауылдық денсаулық сақтау саласын модернизациялау» пилоттық ұлттық жобасы аясында облыста 50 медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысанын салу жоспарлап отырмыз. Биыл 12 нысанды құрылыс-монтаждау жұмыстары мен материалдық-техникалық жарақтандыруға республикалық бюджеттен 8,4 млрд теңге қаражат қарастырылды. Одан бөлек КПО б.в. компаниясының әлеуметтік міндеттемелер аясында 25 млрд теңгеге мыңнан астам қажетті медициналық құрал-жабдықтар алынады», - деді Нариман Төреғалиев.

Оның айтуынша, облыс бойынша 247 дәрігер тапшылығының мәселесін шешу үшін өткен жылы жергілікті бюджеттен талапкерлерге 55 грант, республикалық бюджет арқылы резидентураға 88 грант бөлінді.

«Жалпы, кадр мәселесін шешу бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Өңірімізге мамандар тарту басты мақсатымыз. Сондықтан бұл мәселені де біртіндеп шешеміз», - деді өңір басшысы.


Соңғы жаңалықтар