БҚО-да 100-ге жуық оқушы «Мың бала» олимпиадасының жүлдегері атанды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасы қорытындыланып, жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, аталған жоба Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен «Елбасы академиясы» КҚ-ның «Ел үміті» талантты жастарды анықтау және қолдау бағытындағы бастамасы аясында жүзеге асырылуда.

Олимпиада екі кезеңде өтіп, еліміздегі ауыл мектептерінің 5-інші және 6-сыныбындағы 295 мың оқушыны қамтыды. Екінші кезеңде 5 мың оқушы бақ сынаса, соның 171-і Батыс Қазақстан облысынан.

Олимпиада қорытындысында 1 мың жеңімпаз белгілі болса, соның 92-сі – БҚО-дан, соның ішінде 5-сыныптан – 49, 6 сыныптан – 43 жүлдегер.

Батыс Қазақстан шәкірттері олимпиаға қатысу сапасы бойынша республикада үздік үштікке кірді.

Жоғары балл жинаған 30 бала (6-сынып) республикалық физика-математика мектебінің Алматы қаласындағы филиалына қабылдауға ұсынылса, соның бірі – Теректі ауданы Ақжайық орта мектебінің оқушысы Мұнар Жұмабай. Оған қоса Тасқала ауданы «Сәулет» мектеп-лицейінен Ахмет Досымжан мен Бәйтерек ауданы Новенький орта мектебінен Альбина Максименко резервке алынды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілгенін жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар